«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ақжал кенті мешітінде әйелдер жамағатына арналған бір айлық діни сауа ашу дәрісі аяқталды. Арнайы дәрісті Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы жүргізді.
Дәріс барысында жергілікті әйелдер жамағаты Құран, ақида, фиқһ, ислам тарихы пәндері бойынша сауат ашты. Бір айға жуық уақытқа созылған дәрістен соң әйелдер жамағатына арнайы дастархан жайылды. Облыстан арнайы келген ұстаз Арай Серғалиқызы «Білім алудың маңыздылығы», «Құран оқудың артықшылығы» тақырыптары аясында уағыз-насихат айтты. Әйелдер жамағатының сауалдарына жауап беріліп, сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Шара соңында құран хатым дұғасы жасалды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі