Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен «Бір айда бір кітап» жобасы аясында жастармен кітап талдау шарасы ұйымдастырылды.
«Олжас Есенұлы» атындағы діни сауат ашу қайырымдылық орталығында өткен рухани шара барысында қалалық «Әл Машани» мешітінің дін қызметкері Мұратов Бекзат Бағдатұлы шәкірттерге «Саңлақ сахабалар» кітабы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Көпшілікке белгілі туындының қазақ жастарына берер тәрбие танымдық тұстары сараланды.
Айта кетейік, ҚМДБ-ның бастамасымен ай сайын «Бір айда бір кітап» жобасын ұйымдастыру алға қойылған болатын. Осы мақсатта жүзеге асқан рухани шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі