ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Мирас Ерланұлы Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «HALAL EXPO-2023» халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрмеде қалың жұртшылыққа қайырымдылық қорының жұмыс бағыттары, қорға қарасты қоғамдық бірлестіктердің қызметі мен түрлері таныстырылды. «Зекет» парызының мән мақсаты мен маңызы жайлы ақпараттар таныстырылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі