Облыс бас имамы «Төлеутай ата» мешітінде жұма намазын өткізді

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы аймаққа қарасты қалалық «Төлеутай ата» мешітінің жамағатымен жүздесіп, жұма намазын өткізді. ⠀

Тәуелсіздік үлкен нығымет тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Асыл дініміз Исламда бес нәрсені қызғыштай қорғауды міндеттейді. Олар: Отаныңды, дініңді, ар-намысыңды, жаныңды, дүниеңді. Ендеше, тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған әр адам бұл ұлы нығметті бағалап, халқымыздың бірлігі мен тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баянды да ғұмырлы болуы үшін еңбек етуі керек»,-деді.
 
⠀Бас имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады. ⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі⠀

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін