ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей Нұра аудандық мешітінде жұма намазын өткізді.
Облыс наиб имамы Нұра аудандық мешітіне жиналған жамағатқа "Бес нәрсе келмес бұрын бес нәрсені ойла" тақырыбында уағыз айтты. Адам бойынан жағымсыз қылықтарды алыстатып, отбасы татулығы мен ризығы жолында еңбектенуге шақырды. Әсерлі уағыз бен келелі кеңес айтқан облыс наиб имамына аймақтық мешіттің имамы Ерлан Серікұлы алғыс білдірді. Көпшілік жамағатпен жұма намазы оқылып, ел бірлігі мен ынтымағы үшін бата жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер