Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жеті жасар шәкірт пайғамбарға 25 мың салауат жолдады
20 қараша, 2022 жыл 132 Басып шығару нұсқасы

   Екі дүние сұлтаны болған Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың есімін естігенде  салауат айтып, сәлем жолдау – барша мұсылманға міндет болып саналатын істердің бірі. Үмбетіне үлгі болып, сүннетімен сара жол қалдырған Сүйікті елшіге (с.ғ.с.) салауат айтқан адамның сауапқа кенелетіні тағы бар. 

Қасиетті мәуліт айының құрметіне орай Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің ұстазы Дюйсенбек Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен шәкірттер арасында салауат айту марафоны жарияланған болатын. Шараның негізгі мақсаты жасөспірімдердің Алла елшісіне деген сүйіспеншілігін арттыру, пайғамбарын таныту. Осы орайда, жаряланған марафонға қатысып, Алла елшісіне 25 550 мәрте салауат жолдаған жеті жасар Алтыбаева Кәусар марапатталып, ынталандыру сыйлығына ие болды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары