Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жақыныңа жылу сыйла» акциясы жалғасын табуда
21 қараша, 2022 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысын бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық акциясы жалғасын тауып келеді.

Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали  Естай Айтуғанұлының бастамасымен, сондай-ақ, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Мирас Эрланұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан игі шара барысында көп балалы және жалғыз басты аналардың шаңырағына  қысқы отын түсірілуде.

Сауапты шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жиын соңында сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіндігіне сай үлес қосқан жомарт азаматтарға «Зекет» қоры атынан алғыс айтылып, ізгі тілек білдірілді.    Күні кеше бастау алған қайырымдылық акциясы әлі де жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары