Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды
21 қараша, 2022 жыл 107 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешіті жылы еденмен жабдықталып, жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Аймақтық мешіттің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен осыдан бірнеше күн бұрын мешіт еденінің  жөндеу жұмыстары басталған болатын. Арнайы мамандардың жұмылдырылуымен іске асқан шара барысында мешітке заман талабына сай жабдықталған жылы еден орнатылды. Айта кетейік, бұған дейін мешіттің жылу құбырлары толықтай  ауыстырылған болатын. 

«Мешіт жамағаты мен жомарт жандардың қолдау көрсетуі арқылы жүзеге асып жатқан мешіттің жөндеу жұмыстары мұнымен тоқталмақ емес. Алланың Мейірімі қандай шексіз болса, мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсы амалдарға беретін Оның қайтарымы да сондай кең болары сөзсіз.  Осындай сауапты һәм игі іске себепші болып жатқан барша жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз»,- деді аудан имамы Асхат Қанайұлы.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары