Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАЛҚАШ ЖАМАҒАТЫ АРҚАН ТАРТЫСЫНАН БАҚ СЫНАСТЫ
25 қараша, 2022 жыл 163 Басып шығару нұсқасы

   «Ислам – ынтымақ пен бірлік» жылы аясында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен ұлттық ойынымызды жаңғырту мақсатында  Балқаш қаласы жамағаты арасында  арқан тартыс ойынынан сайыс өтті.

Аптаның   сенбі және жексенбі күндері  мешіт жамағаты спорттық  ойын алаңдарында бас қосып, футбол, баскетбол, теннис және т.б ойын түрлерінен бақ сынасып, салауатты өмір салтын ұстанып келеді. 

Балқаш қалалық мешітінің ұйымдастыруымен өткен кезекті футбол ойынынан кейін, қазақ халқының ұлттық ойыны арқан тартысынан сайыс өтті.

Жарыс соңында  «Жастар ісі» секторының Балқаш қаласы бойынша  жауапты өкілі, мешіт наиб имамы Айтқазин Рауан сайысқа қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарды  марапаттады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары