Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Құнанбай қажы мешітінде 20 отбасыға азық-түлік таратылды
30 қараша, 2022 жыл 229 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Қарқаралы өңіріне барған сапарында Құнанбай қажы мешітінде өткен қайырымдылық шарасына қатысты. 

«Қайырымдылық – қайырлы іс» тақырыбы  аясында өткен игі шара барысында  жергілікті жердегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж, көп балалы және  аз қамтылған  20 отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік толы қоржын үлестірілді. 

Қарағанды облысының бас имамы шараға қатысқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеу беріп, қамкөңіл жандардың көңіліне үміт сыйлау мақсатында арнайы уағыз-насихат жасады. Артынша арнайы дайындалған қайырымдылық қоржындары жиналған жұртшылыққа үлестіріліп берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары