Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртауда қайырымдылық дастарханы жайылды
05 желтоқсан, 2022 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінде мүгедектер күніне орай арнайы дастархан жайылып, науқас жандарға құрмет көрсетілді.

Шара барысында мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы арнайы сөз алып, келушілерге өзін таныстырды. Сондай-ақ, уағыз-насихат айтып, Алланың мейірімінен ешқашан күдер үзбеуге шақырды.  Науқас жандардың  дерттеріне Жаратушыдан шипа сұрап, дұға жасады.

Жиын соңында берекелі отырысқа келген қонақтар мешіт ұжымының жүзеге асырған игі шарасына шексіз алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары