ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен әлеуметтік көмекке мұқтаж бес отбасыға азық-түлік қоржыны тарту етілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- көмек алған мұқтаж жандар осындай берекелі істі жүзеге асырып, көмек көрсеткен Абай аудандық мешітінің ұжымына және ат салысқан демеушілерге алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер