ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы, Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Әсіресе, ескіре бастаған мешіттің кіре берісі мен басқа да бөліктері жөнделуде. Мешіт имамы Азамат Кешубайдың айтуынша «Мешіттің күмбезі, ішкі жүйесі, кіреберіс дәлізі ескіріп, қыста суық болып, жамағатқа қолайсыздық туғызып келген болатын. Осы келеңсіздіктерді жою мақсатында мешітте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс сапасы жіті бақылануда» деп атап өтті. Бүгінде мешіттің күмбезі жасалуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер