Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйытқы болуымен «Әнет баба» мешітінде танымдық діни семинар өткізілді. Ғылыми-тәжірибелік жиынға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы арнайы қатысып, діни экстремизм мен бірқатар құжаттар бойынша семинар жүргізді. Түрлі кереғар ағымдардың шығу тарихы мен олардың алдын алу сынды өзекті тақырыптарды қозғады.
Ислам тарихы туралы кеңінен мәлімет беріп өткен РАНТ мүшесі, жергілікті имамдарға салыстырмалы түрде өткеннен дұрыс сабақ алу керектігін, шариғи һәм дәстүр құндылықтарын әрдайым естен шығармай қатар ұстану қажет екендігін қаперге салды.
Семинарға қатысқан Қарағанды имамдары білімдерін одан әрі шыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына да тұшымды жауаптар алды. Жиын соңында облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы Смайыл Сүйерқұлұлына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер