ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Ақжал кенті мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты аясында уағыз-насихат ұйымдастырылып, мешіт жамағаты берекелі дастархан басында бас қосты.
«Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбы аясында өткен рухан кеш барысында Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Берікұлы Қарубай жиналған жамағатқа насихат айтып, олардың тарапынан туындаған сұрақтарына жауап берді. Рухани кеш соңында Шет ауданынан арнай келген имамның иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер