Қарағанды облысы, Көкбекті ауылдық мешітінің имамы Мұхамедов Сұңқар Қадырұлы мектеп оқушыларымен рухани кездесу ұйымдастырды.
Шара барысында мешіт имамы оқушыларға имандылық, дін мен дәстүр, ата-ананы құрметтеу, сыйластық, бауырмалдық жайында уағыз-насихат айтты. Ислам дінінің асыл құндылықтарын айта келе, адамгершілік қасеиттерді бойға сіңіріп, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға шақырды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мектеп ұстаздары дін қызметкеріне алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер