Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы имамдары жылды қорытындылады
16 желтоқсан, 2022 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының төрағалығымен қаладағы «Достық үйі» ғимаратында жылдың қорытынды жиыны болып өтті. 

Өңір имамдары қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген басты 7 бағытты негізге ала отырып, дін қызметкерлерінің жыл бойы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Атап айтқанда діни білім және ғылым, уағыз-насихат және ихсан, дін мен дәстүр, ақпарат және ағарту, қоғаммен байланыс, уақып және қайырымдылық, діни оңалту бөлімдерінің бір жылдық жұмыс барысына баға берілді. 

Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бекіткен «2022 жыл – «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында атқарылған қоғамдық шаралар назарға алынды. Діни басқарманың басты бөлімдері саналатын «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторының жұмысы, қажылық насихаты, отандық туризм «Darhan Dala» жобасы, діни оқу орындарына шәкірт даярлау, мешіт құжаттарын рәсімдеу, діни рәсімдердің орындалу барысын қадағалау, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету  орталығы, шаруашылық сынды мәселелер бойынша есептер назардан тыс қалмады.

Жиын барысында бір жыл бойы қарқынды жұмыс атқарып, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білген жылдың үздік және белсенді имамдары да анықталып, марапатқа ие болды. Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы «Үздік имам» номинациясын иеленсе, Шахтинск қалалық Нұр мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлы, Бала қажы мешітінің имамы Махмұд қажы Нұрұлы және Саран қалалық мешітінің имамы Мұхаммедқали Сапарғалиұлын облыс бас имамы «Белсенді имам» номинациясымен марапаттап, қомақты ақшалай сыйлықтар табыстады.

Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты  облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң бағасын беріп, имамдардың қызметіне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарына ескертпелер айтылып, келесі жылғы жоспарға енгізу тапсырылды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары