Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысының бас имамы Шет ауданына барды
17 желтоқсан, 2022 жыл 321 Басып шығару нұсқасы

  Шет ауданына іс-сапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы өңірдегі Жанқұтты би мешітінде жергілікті имамдардың басын қосып, арнайы жиын өткізді.

Аудан имамы Берік Алпысбайұлы соңғы уақытта атқарылып жатқан істерді баяндап, дін қызметкерлерінің қызмет барысымен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген жеті бағыт аясында мешіттің жалпы жұмыс жүйесі тексерілді. 

Жиын барысында облыс имамы ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан өңірдегі ардагер имамдарға қызметтері үшін алғысын айтып, ақсақалдардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асты. 

Аудандағы дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берген облыс бас имамы берекелі басқосудан соң бақылау-басқару бағытымен Жанқұтты би мешітін аралап, құлшылық үйінің ішкі және сыртқы жұмыстарын көз елегінен өткізді. Имам Берік Алпысбайұлының атқарып жатқан қызметіне оң бағасын беріп, өз ризашылығын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары