Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бала қажы мешітінде кезекті қайырымдылық болып өтті
23 желтоқсан, 2022 жыл 51 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде отыз бес отбасыға азық-түлік қоржындары үлестірілді.

Алдымен мешіт асханасына арнайы жайылған дастарханда әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балалы және жалғыз басты аналар бас қосты.  Игі шара Бала қажы мешіті, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды  облысы бойынша өкілдігі және «Ана-мама» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен  жүзеге асты. Рухани шараға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінен арнайы келген наиб имам Қоныскерей Құмар сөз алып, қайырымдылық пен жомарттық жайында насихат айтты.

Кеш соңында «Зекет және қайырымдылық» қорының облыс бойынша жауапты өкілі Қасымов Мирас Ерланұлы игі істерді ұйымдастыруға ат салысып жүрген «Ана-мама» қайырымдылық қорының басшысы Абдрахманов Ержан Беркелеұлы мен Магимова Дәмеш апаға алғыс хат табыс етті. Шара соңында мешіт имамы қайырымдылық шарасын бірлесіп ұйымдастырған қор басшыларына үлкен алғысын білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары