Center Image
IHSAN.KZ
«Salemchiск» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
«Salemchiск» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

    Қарағанды қаласындағы  фаст-фуд желілерінің бірі "Балтинов К.М" ЖК «Salemchiск» кәсіпорны сертификатталды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Қасым Махмұд Бекболатұлы кәсіпорны өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Мекемеге ҚМДБ-ның Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Рахимбекұлы және діни басқармадан келген технолог мамандар тексеріс жұмыстарын жүргізді. Кәсіпорнының ет және нан өнімдерін дайындайтын цехы, шикізаттары мен тағамдық қоспалары түгелдей тексерілді.

«Salemchiск» фаст-фуд өнімдері «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттары бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз! 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz