ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жұма намазын өткізді.
Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен бір хадисте: «Күндердің ең абзалы – жұма күні. Бұл күні Адам атамыз жаратылған. Және осы күні жаннатқа кіргізілген. Әрі осы күні одан шығарылған. Қиямет те осы жұма күні болады»,-деген.
Қасиетті күні тарихи жерге келіп жұма намазын өткізген Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы мешітке жиылған жамағатқа «Астың адалдығы» (халал ұғымы) туралы уағыз-насихат айтып, жергілікті жамағатпен тілдесіп, жұрттың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Алла Тағала барлығымызға мызғымас иман, пайдалы iлiм, адал ризық, таза жүрек берiп, екi дүниеде де ізгі пенделерiнiң қатарына қосқай! Әмин!
Пікірлер