Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті он отбасыға азық-түлік үлестірді
26 желтоқсан, 2022 жыл 124 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлының ұйымдастыруымен  мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен он отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті өнімдер салынған азық-түлік сөмкелері үлестірілді.

Көмекке мұқтаж отбасыларға теңдей бөлінген азық-түлік тиісті мекен-жайларға жеткізіліп берілді. Сондай-ақ, Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешіті жанынан салынып жатқан медресенің құрылысына 150 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Жомарт және демеуші жандардың қолдауымен жүзеге асқан шара барысында мешіт имамы Ысқақ Рахимбекұлы игі іске ат салысқан еріктілер тобы мен демеушілерге өзінің алғысын білдірді. Сондай-ақ, рухани һәм материалдық көмек әлі де жалғасын табатынын жеткізді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары