Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Саранда қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына Құран бағышталды
05 қаңтар, 2023 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде қасіретті қаңтар оқиғасы құрбандарының  рухына арнап Құран бағышталды.

Айта кетсек, бүгін тарихқа «қасіретті қаңтар» ретінде енген оқиғаның елімізде орын алғанына  бір жыл толды. 
Осы орайда, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен  осы қасіретті оқиғаның салдарынан көз жұмған марқұмдарға Саран қалалық мешітінің имамы Мұхамедқали Салиқов бастаған мешіт жамағаты арнайы дұға бағыштап Құран оқыды.  Елдің ертеңі мен тыныштығын тілеп, Жаратқаннан еліміздің бейбітшілігін сұрады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары