Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл Машани» мешітінің имамы ақ жаулықты әжелермен танысты
06 қаңтар, 2023 жыл 247 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық Әл-Машани мешітіне имамдық қызметке жаңадан тағайындалған Мусин Сайлау Жұмағұлұлы мешіттің шәкірт апа-әжелерімен танысып, арнайы жиын өткізді.

Қазақ халқы қашан да қариясын қадір тұтқан халық. Ата-дәстүріміздің қайнар бұлағы бойларында тұна біткен ақ жаулықты әжелер бүгінгі ұрпақтың тәрбиемен сусындайтын басты құндылықтарының бірі.  Мешіттің берекесін келтірген осындай қастерлі жандарға құрмет көрсетуді ниет еткен мешіт имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы ақ жаулықты мешіттің жамағат әжелеріне құрмет көрсетті. Рухани отырыс барысында дастархан жайылды.

Шараның басты мақсаты мешіттің қадірлі қаряларымен танысып, олардың хәл ахуалы мен жағдайларынан хабар алу және әжелердің Құран іліміне деген ынталарын одан әрі жандандырып, жігер беру. Айта кетейік, мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен осы күнге дейін мешіттен үзбей дәріс алып келе жатқан ақ жаулықты асыл жандар Құран хатым түсіруді дәстүрге айналдырған.  Мешіт ұстаздарынан тұрақты дәріс алып келе жатқан әжелер жамағаты бүгінде тек Құран ғана емес ақылақ, фиқһ, ақида, хадис сынды пәндерден сауат ашқан.

Берекелі отырыс барысында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы әжелерге Құранның құндылықтары мен оның адам өміріндегі маңызы мен мәні жайында уағыз-насихат айтты. Әжелердің тарапынан туыдаған түрлі сұрақтарға жауап берді. Сондай ақ, былтыр қаңтар оқиғасынан қаза тапқан марқұмдардың рухтарына Құран хатым оқылып, дұғасы бағышталды. 

Рухани шара соңында   осындай берекелі отырыстың өтуіне мұрындық болған мешіт имамына және шараны ұйымдастырған мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызына әжелер тобы үлкен алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, имамның жаңа қызметіне табыс пен береке тілеп, бата берді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары