Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Балалар дұға оқудан өзара бақ сынасты
08 қаңтар, 2023 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды қалалық Төлеутай ата мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен «Дұға - ғибадаттың мәйегі” атты балалар арасында жарыс болып өтті .  

Шара барысында Садық Ақжол Айдаралыұлы балаларға ілім алу мен  дұғаның маңыздылығы жайында уағыз-насихат айтып, ілім іздену жолында мешіт шәкірттеріне сәттілік тілеп, өзінің ыстық лебізін білдірді.

Сайыс барысында ойынға қатысушылардың жас ерекшеліктері әр түрлі болғандықтан берілген дұғалар да әр қатысушының жасына сай ұсынылды. Жеткіншектердің ілімге деген ынталарын ашу мақсатында ұйымдастырылған білім сайысы тартысты өтіп, ойын соңында барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Айта кетейік, жиырма бес  шәкірт бақ сынасқан сайыстың ең жас қатысушы 5 жаста болды.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары