ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен бірнеше күннен бері үздіксіз өткізіліп жатқан «Тегін такси» қайырымдылық акциясы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен Шет ауданында жалғасты.
Қайырымдылық шарасына аудан имамы Берік Алпысбайұлы бастаған дін қызметкерлері мен мешіт жамағаты бір ауыздан ат салысып, аймақ тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.
Қала тұрғындарына қол ұшын беріп, демеу көрсету мақсатында Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұйымдастыруымен өткен акцияға аймақ тұрғындары алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер