Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Тегін такси» қайырымдылық акциясы облысқа қарасты Теміртау орталық Әлихан Бөкейхан мешітінде жалғасты.
Шара барысында мешіт жамағаты мен еріктілерінен құралған топ қаладағы жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге қызмет көрсетіп, діттеген жерлеріне тегін жеткізіп салды.
Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы аталмыш сауапты шараға ат салысып, қол ұшын берген жамағаттарға және еріктілер тобына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер