Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қолыңнан келсе қолғабыс бол» акциясы Теміртауда жалғасты
15 қаңтар, 2023 жыл 146 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық  “Әлихан Бөкейхан” мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастаруымен «Қолыңнан келсе қолғабыс бол» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Шара барысында Теміртау қаласының көше тазалықшыларына мешіт асханасында арнайы дастархан жайылып, ыстық ас берілді. Игі шараға мешіт имамы арнайы қатысып, қоғамның игілігі үшін қызмет етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, құрмет көрсетті. 

Айта кетейік, қоғамның игілігі үшін жүзеге асып жатқан қайырымдылық акциясы Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен облысқа қарасты барлық мешіттерде жалғасу үстінде.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары