Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бала қажы мешітінде әйелдер жамағатына рухани шара ұйымдастырылды
17 қаңтар, 2023 жыл 133 Басып шығару нұсқасы

  Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады.    Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлының қолдауымен әйелдер жамағатына арналған рухани шара болып өтті.      

Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы  мен  кітапханашы Әнипа Мұратшаның ұйымдастыруымен  өткен сауабы мол ізгі шараға  Құранға түскен мешіттің жас жеткіншек шәкірттері бастаған әйелдер жамағаты, ақ жаулықты апалары қатысты.

Рухани шарада мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы  әйелдер жамағатына «Құранның құндылығы»  тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Шараның басты мақсаты –  Құранға түскен мешіт жамағаты шәкірттерінің үздіксіз оқыған Құран хатымның дұғасын жасау болатын.    Рухани кеш барысында шәкірттердің алған білімін бағалап, одан әрі ілімге ынталандыру мақсатында сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шара қатысушыларының құрметіне берекелі дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді.

Шара соңында мешіт жамағатының шәкірттері  еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасап, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтты.    

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары