Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен «Тегін такси» қайырымдылық акциясы Нұра аудандық мешітінде жалғасты.
Шара барысында мешіт жамағаты мен еріктілерінен құралған топ аудандағы жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге қызмет көрсетіп, діттеген жерлеріне тегін жеткізіп салды. Қайырымдылық акциясына он бес көлік жұмылдырылып, халыққа қызмет көрсеті.
Мешіт имамы Ерлан Серікұлы аталмыш сауапты шараға ат салысып, қол ұшын берген жамағаттарға және еріктілер тобына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер