Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда «Бір айда бір кітап» жобасы аясында рухани шара болып өтті
23 қаңтар, 2023 жыл 148 Басып шығару нұсқасы

   Абай аудандық кітапханасында  Мұхтар Әуезовтың 80 жылдығына орай «Бір айда бір кітап» жобасы аясында   «Жастар және ізгі қоғам» атты жастармен кездесу ұйымдастырылды.

Рухани шара «Жастар ісі» секторының Абай ауданы бойынша жауапты маманы Шарифулла Шадиевтің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жиында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» еңбегі талқыланды. Тарихи шығарманың қазақ жастарына берер тәрбие танымдық тұстары сараланды.

Айта кетейік, ҚМДБ-ның бастамасымен  ай сайын «Бір айда бір кітап» жобасын ұйымдастыру алға қойылған  болатын. Осы мақсатта жүзеге асқан рухани шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары