Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шахтинск жамағатына ережеп айының құрметіне ауызашар берілді
23 қаңтар, 2023 жыл 307 Басып шығару нұсқасы

   Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының  ұйымдастыруымен ережеп айының құрметіне нәпіл ораза ұстаған мешіттің бір топ жамағатына  ауызашар берілді. 

Ақшам уақытында ауызашарға жиылған жамағатқа мешіт имамы қасиетті ережеп айының қадір-қасиеті жайлы  уағыз-насихат айтты. Қасиетті үш  айдың қадірін біліп, Алланы көбірек еске алуға, тәубе етуге, уақытты пайдалы өткізуге шақырды.  Нәпіл оразасын ұстаған жандарға арнап жайылған ауызашар дастарханында мешіт жамағаты қасиетті Меккеден арнайы алып келінген зәм-зәм суымен ауыз ашты. 

Берекелі отырыс соңында  ақсақалдар бата беріп, халық үшін дұға жасады.  

Қарағанды облысының баспасөз қызметі      

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары