Қарағанды облысына қарасты Ақтоғай ауданының әкімі қызметіне жаңадан тағайындалған Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков аудандық мешітке келіп, аймақтың діни ахуалынан хабар алды.
Аймақ басшысын аудан имамының міндетін атқарушы Асқат Төлеуқұлұлы қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сонымен қатар, мешіт асханасын аралатып, аймақтың діни ахуалынан хабар берді.
Аудан имамы дінімізге деген жанашырлығы үшін аудан әкіміне алғысын білдіріп, діни басқарманың «Мүфтият» баспасынан жарыққа шыққан «Толық адам» кітабын хадия етті.
Өз кезегінде Ақтоғай ауданының діни ахуалынан хабар алған Руслан Айтыкенұлы өңірдегі діни ахуалдың өркендеуіне әрқашан қолдау білдіретінін тілге тиек етіп, бірге қызмет атқаруға әзір екенін жеткізді.
Қарағанды облысының баспасөз қызметі
Пікірлер