Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Төлеутай ата» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті
30 қаңтар, 2023 жыл 253 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Әлихан Бөкейхан ауданы, «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

Қасиетті Ережеп айының алғашқы жұмасы күні ұйымдастырылған шарада ҚМДБ – ның тарапынан бекітілген кітаптар, қолөнер бұйымдары, жеміс жидектер мен тәтті-дәмділер сатылды. Игі шараға аймақтық мешіттің әйел-қыздар жамағаты  мен мешіт шәкірттері ат салысты. 

Қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат мешіттің дәріс бөлмесіне қажетті құрал жабдықтарына, яғни, оқуға қажетті орындық - үстелдеріне және дәретханаға қажетті заттарға жұмсалмақ.

Мұндай игі шаралар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары