Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

   Абайда «Шариғат шәлісі» атты рухани кеш болып өтті 
02 ақпан, 2023 жыл 217 Басып шығару нұсқасы

   Орамал тағу – барлық әйелдерге парыз. Оған қасиетті Құран аяттары дәлел. «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» дегендей әйел адамға, қыз балаға ұятты жерлерін жауып жүру – дінімізде уағыздалып, бабадан қалған салт-дәстүрімізде кеңінен дәріптеліп келеді.  

Осы орайда, Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен халықаралық орамал күніне орай  Шариғат шәлісі” атты рухани кеш болып өтті.

Рухани кеш қасиетті Құран Кәрім оқумен басталып,  ақ дастархан басында бас қосқан әйелдер жамағатына аса маңызды, өнегеге толы, тағылымы мол уағыз-насихаттар айтылды. Күй шертіліп, орамал тағудың үлгілері назарға ұсынылды. Сондай-ақ, мешіттен дәріс алып жүрген жас жеткіншектерді ынталандыру мақсатында кимешек сыйға тарту етілді.

Рухани кешке қонақ ретінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы қатысып, орамал хақында әйел-қыздар қауымына әсерлі насихат айтты. Сонымен қатар, кешке жиналған жамағаттың тарапынан туындаған сұрақтарына жауап берді.  Берекелі кештің жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан ұстазға Абай аудандық мешітінің тарапынан сый-сияпат жасалды.   

Қарағанды облысына қарасты «Әйел-қыздар» секторының бастамасымен өтіп жатқан рухани шаралар бұл жолы Абай ауданында жалғасып, шариғат шәлісі насихатталды.

Кеш соңында мешіт ұстазы Ақбота Қайратқызы жиынға келген жамағатқа  өзінің алғысын айтып, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, мешіттің шәкірт әжелері ақ баталарын беріп, келген қонақтарды бір марқайтып тастады.

 

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары