Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жиырма күнде Құранға түсті
07 ақпан, 2023 жыл 177 Басып шығару нұсқасы

   Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Көкірегінде Құраннан ешнәрсе болмаған адам, қирап қалған үй тәрізді», – деп айтқан.

Осыған орай, Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру, оны жаттаудың маңыздылығын насихаттау негізінде  Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде  жүйелі түрде Құран сабақтары өтуде.  Мешіттің наиб имамы Саян Дүйсенбекұлының қарқынды дәріс беруінің нәтижесінде Бекзат есімді жамағат жиырма күннің ішінде Құранға түсіп, Алланың қасиеті кәләмін арабшадан оқыды. Үлкен қуанышқа ие болған жанға қажылық парызын өтеп келген мешіт жамағаты Мекке қаласынан алып келген Құран кітабын сыйға тартып, ізгі ниетін осылай білдірді.

Айта кетейік, Құран ілімдері бойынша сауат ашуға келген шәкірттерге мұнымен қоса ақида, фиқһ, ақылақ пәндері бойынша да кешкі дәрістер жүргізу үстінде.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары