Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен мұсылман қауымының бірлігін нығайтып, берекелі, ізгі қоғам орнату мақсатында жастарға арналған рухани отырыс болып өтті.
Келелі отырысқа «Олжас Есенұлы» атындағы дін сауат ашу қайырымдылық орталығының ұстаздары мен шәкірттері, мешіттің жамағат жастары мен еріктілері қатысты. Ғанибетке толы отырыс барысында мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы еліміздің екпінді жастарымен келелі әңгіме өрбітіп, ілім алудың маңыздылығы жайында уағыз-насихат айтты. Қазіргі жастар өміріндегі руханияттың маңызына тоқталды. «Асыл тастан, өнер жастан» демекші, еліміздің ертеңгі үміті саналған жастар да өз көкейінде жүрген сауалдарын сұрап, руханият жайында пікірлерімен бөлісті.
Пікірлер