Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы имамдары арасында футболдан турнир өтті
11 ақпан, 2023 жыл 334 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен облысқа қарасты дін қызметкерлері арасында «Достық кубогы» атты шағын футболдан турнир өтті. 

«Nomad Arena» стадионында өткен аяқдоп додасына Қарағанды облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің дін қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысты.  

Ойын алдында Қарағанды облысының  бас имамы аталмыш сайыс қызметкерлер арасындағы өзара бірлік пен ынтымақты арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқанын айтып, командаларға сәттілік тіледі. 

«Достық кубогы» турнирінің басты  мақсаты – дін қызметкерлері арасында бірлік пен бауырмалдықты арттыру, ынтымағын нығайту. Сондай-ақ қоғамға және дін қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау», - деді Естай Айтуғанұлы.

Қызықты әрі тартысты өткен ойын нәтижесінде «Достар» командасы жеңімпаз атанса, «Ихсан» командасы II орын, «Аманат» командасы III орынды еншіледі. Сондай-ақ, турнирге қатысқандарға «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы» аталымдары бойынша алғыс хаттар мен арнайы төсбелгілер табыс етілді.   

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары