Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда ұлттық ойын түрлерінен сайыс өтті
13 ақпан, 2023 жыл 150 Басып шығару нұсқасы

   Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023-жылға арналған бағдарлық баяндамасы негізінде   ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі әрі бірегейі «Дін мен дәстүрге» екендігін айрықша атап көреткен болаты. 

Осы орайда, Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасы негізінде Абай аудандық орталық мешітінде «Дін мен дәстүр» аясында рухан шара болып өтті.

Мешіт наиб имамы Саян Дүйсенбекұлы мешіт шәкірттері арасында қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс ұйымдастырды. Атап айтқанда, асық ату, қол күресі, тоғыз құмалақ ойындарынан шәкірттер бақ сынасты.

Шараның басты мақсаты «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, қазақи ойын түрлерін жасөспірімдер арасында қайта жаңғырту.

Ойын соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру ретінде қаржылай марапат берілді.

 

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары