Құранды бастан аяқ оқып хатым ету – сауабы мол сүннет амалына жатады. Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен Құран хатым дұғасы жасалды. Сауабы мол ізгі шараға облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Арай Серғалиқызы, мешіттің әйел жамағаты, ақ жаулықты апалар қатысты. Шараның мақсаты – мешіт жамағаты шәкірттерінің Алла разылығы үшін деп үздіксіз оқыған Құран хатымның дұғасын жасау болатын. Шара барысында мешіт ұстаздары мен шәкірттері бауырлас Түркия және Сирия елінің амандығы үшін дұға жасады. Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтты.
Дұға ету барысында мешіттің әйел жамағаты, ақ жаулықты апалар жүрекжарды тілектерін айтып, еліміздің амандығын тілеп, жамағаттың мешіттерде бес уақыт намазды осылай уайымсыз оқитын кезеңі ұзағынан болуын дұғаға қосты.
www.ihsan.kz
Пікірлер