ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде жас жеткіншектерге Құран кәрім бойынша діни сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді.
Дәрісті Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Саян Дүйсенбекұлы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде. Әртүрлі жастағы шәкірттер бастаушы және жалғастырушы топтарға бөлініп, Құран әліппесі, тажуид сынды пәндер бойынша дәріс алуда.
Пікірлер