Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жанқұтты би» мешіті демеушілерге құрмет көрсетті
16 ақпан, 2023 жыл 319 Басып шығару нұсқасы

    Шет аудандық «Жанқұтты би» мешіті жанынан бой көтеріп жатқан «Қарилар дайындау орталығының» демеушілеріне құрмет көрсетілді.

 Нақтырақ айтқанда, Ақсу-Аюлы-Қарағанды жолдары аралығында жүргізуші болып қызмет ететін азаматтар  медресе құрылысына ай сайын тұрақты түрде қаржылай көмек беруде.

Осыған орай, игі іске қолдау білдіріп жүрген  жанашыр жандардың  құрметіне аудандық «Жанқұтты би» мешітінің  асханасында ақ дастархан жайылып, демеушілерге  құрмет көрсетілді. Жиынға Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің имамы Қошкелді Жанболат Жұматұрұлы  қатысып, уағыз-насихат айтты.

Шара барысында жүргізушілер арасында «Садақ ату» сайысы ұйымдастырылып, жүлделі орындармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Кеш соңында  «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Маханбетчин жомарт жандардың  игі бастамаларына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары