Абай ауданына қарасты Топар кенті мешітіне келген Виктор есімді орыс ұлтының өкілі Ислам дінінің ақиқаттығына көз жеткізіп, мұсылмандықты қабылдауға ниетті екенін білдірді. Осындай ағынан жарылып келген жаннан мешіттің имамы Мурсали Қаленұлы дінге келудегі мақсатын сұрап, оған Ислам діні туралы уағыз айтты.
Ислам діні жүрегіне жақын болып, шынайы мұсылман болуға деген талпынысы бар жанға кәлима шахадатты айтқызып, хақ дініндегі бес парызды түсіндірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер