ЖАНТ кездесулері аясында «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Азамат Сайлауұлы Қарағанды облыстық әскери полиция бөлімінде болды.
Осы бөлімде қызмет атқаратын қызметкерлермен кездесіп, ел қорғаудың маңызы жайлы насихат айтты. Сонымен қатар, жат ағымның алдын алу және одан сақтанудың жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Пікірлер