Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті шәкірттері құранға түсті
 «Бала қажы» мешіті шәкірттері құранға түсті

   «Бала қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Қарағанды  облысын бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен құран хатым өтті.

Шара шымылдығын мешіт имамы Махмұд Нұрұлы ашып, алдымен  жиылған жамағатқа білім үйренудің маңыздылығы хақында насихат айтты. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ілім ізде» деген Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиетіне сай асыл уақыттарын босқа жұмсамай, ілім алуға арнаған шәкірттер қауымына өз алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, мешіт имамы әйел-қыздар жамағатының  қатысуымен жүзеге асқан Құран хатымның дұғасын  жасады.

Одан кейін мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы «Уақыттың қадірі» жайында насихат айтты. Шара барысында Құранға түскен шәкірттерге Құран Кәрім кітабы сыйға тарту етілді.

Кеш соңында берекелі дастархан жайылып, мешіт ұстазы жиналған жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдіріп, шәкірттерге алдағы білім алу жолында сәттілік пен табандылық тіледі.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz