Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы МКҚБ қызметкерлерімен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында кездесу өткізді.
Алдымен қасиетті Шағбан айының келуімен құттықтаған наиб имам іс-шараны қасиетті Құран оқумен бастады. Одан кейін, Қарағанды және Ұлытау облыстарының МКҚБ қызметкерлеріне өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің алдын-алу, діни сауатсыздық, жат ағымның алдын-алу, отбасы мәселелері сынды өзекті тақырыптар жайында әңгіме қозғады. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айына қатысты сұрақтарына жауап алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер