Center Image
IHSAN.KZ
Облыс наиб имамы полиция қызметкерлерімен кездесті
Облыс наиб имамы полиция қызметкерлерімен кездесті

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы Қарағайлы ауылына барған қызметтік сапары барысында жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесті.

Келелі кездесуге аймақ әкімі бастаған ішкі істер бөлімінің және дін істері бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес аймақтың діни ахуалынан хабар алу мақсатында барған облыс наиб имамы діни сауатсыздық салдарынан туындап отырған қоғамдық мәселелер жайлы сөз қозғады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі және басқа жат діндердің айырмашылығын ажырату мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әңгіме барысында наиб имам бүгінде ел тыныштығы үшін қызмет етіп отырған полиция қызметкерлерінің өз ісіне деген  адалдығы ерлікпен тең түспесе кем болмайтынын айтып өтті. Жиында мұнан өзге де қоғамда белең алған өзекті мәселелер жайы баяндалып, оның туындау себептері түсіндірілді.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz