Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалған шаһардағы «Бұқар жырау» мешітіне ат басын бұрды.
Бас имам құлшылық ордасының жай-күйін бақылап, онда жүріп жатқан жұмыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта намазхана мен дәретхана бөлмелерінің құрылысы толықтай аяқталып, жылу жүйесі де іске қосылған. Енді ғимараттың сыртын қаптау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Айта кетсек, демеушілер мен ерікті жандардың көмегі арқылы салынып жатқан мешіт құрылысы таяуда аяқталмақ. Мұнда бір мезетте 1 500 адам құлшылығын өтей алады.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер