Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарқаралыда полиция қызметкерлерімен кездесу өтті
25 ақпан, 2023 жыл 125 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы әрі пәтуа бөлімінің жауапты маманы Юсуфбек Шұғайұлы Қарқаралы ауданына барған қызметтік сапары барысында  жергілікті полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жергілікті полиция бөлімінің акт залында өткен кездесу барысында алдымен  қазіргі қоғамда белең алып отырған жат ағымдардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Деструктивті діни ағым мүшелерінің түр-сипаты, ерекшеліктері және оларға қарсы тұра білу, иммунитет қалыптастыру жайлы сөз қозғалды.

Одан кейін,  ҚМДБ ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуалар  жіті таныстырылып, пәтуа бөлімі мен ғұламалар кеңесінің атқаратын қызметі айтылды. Сондай-ақ, әр нәрсенің дұрыс үкімін дін мамандарынан сұрап,  кез келген іс-әрекетті дін шеңберінде орындаудың маңыздылығын түсіндірді.

Пәтуаға қатысты насихаттан соң құқық қорғау органдарының қызметкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары