Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда полиция қызметкерлерімен кездесу өтті
28 ақпан, 2023 жыл 59 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы жергілікті МҚКБ Абай аудандық күзет полициясы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жергілікті полиция бөлімінің акт залында өткен кездесу барысында  қазіргі қоғамда белең алып отырған жат ағымдардың алдын-алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Деструктивті діни ағым мүшелерінің түр-сипаты, ерекшеліктері және оларға қарсы тұра білу, иммунитет қалыптастыру жайлы сөз қозғалды.

Сондай-ақ, әр нәрсенің дұрыс үкімін дін мамандарынан сұрап,  кез келген іс-әрекетті дін шеңберінде орындаудың маңыздылығын түсіндірді.

Одан кейін,  құқық қорғау органдарының қызметкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары